Кеменің ұзындығы – 51 метр.
Фото: «Мой город»
ERNUR.KZ. Орал қаласында Отан қорғаушылар күніне орай Қазақстан тарихындағы ең үлкен кеме суға түсірілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Кеме президент тапсырмасымен Қорғаныс министрлігінің қажеттілігі үшін жасалған. Оған мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев есімі берілді.
Бұл – жанармай мен азық-түлік тасымалдауға арналған көпфункциялы танкер-кеме. Қазір ол Ақтау қаласына бағыт алды. Кеменің мачтасы кейінірек орнатылады, себебі ол Каспийге дейінгі жолда көпірлердің астынан өтуге кедергі келтіреді. Экипаж құрамында шамамен 30 адам бар.
Кеменің салмағы – 720 тонна, ұзындығы – 51 метр, ені – 9,5 метр. Ол 16 торап жылдамдыққа дейін жетіп, 8 баллға дейінгі дауылға төтеп бере алады. Бұл кеме – «Зенит» зауыты шығарған 37-ші су көлігі


