Салтанат Нүкенованың ағасына жазған хаттары проресейлік каналдарға таралып кеткен

0
373

​Айтбек Амангелді материалды елге көрсетуге кімнің мүдделі болып отырғанын анықтағысы келетінін айтты.


Салтанат Нүкенованың ағасына жазған хаттары проресейлік каналдарға таралып кеткен

ERNUR.KZ. Салтанат Нүкенова мен ағасының жазысқан хаттары интернетке жайылып кеткен. Бұл туралы сотта Айтбек Амангелді айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Сотта олардың хаттары алқабилердің назарына ұсынылды.

"Мен бұл жазбаларды толық күйінде ұсынғанмын. Өз телефонымды қорғаушы тарапқа бердім десем болады. Бұл хаттар дәл қазіргі сәтке дейін интернетке жарияланып кеткен. Дәл осындай түрде, істің материалдарымен бірге жарияланған. Мен осы хаттарды оқығаннан кейін, ешжерге жариялаған жоқпын. Бірақ проресейлік телеграм каналдарға жайылып кетті", - дейді ол.

Айтбек Амангелді оның қарындасымен алмасқан жеке хаттарын дүйім жұртқа жариялау кімге керек болғанын анықтағысы келеді.

Айта кетсек, хаттарда Нүкенова Бишімбаевты жақтай сөйлеген, ағасына онсыз өмір сүре алмайтынын айтқан.