Осы жылдың 23 сәуіріндегі жағдай бойынша 338 блогер 10 млрд 585,4 млн теңге сомасына кірістерді декларациялап, 256,7 млн теңге сомасында жеке табыс салығын төлеген еді.
Фото: Freepik
ERNUR.KZ. Мемлекеттік кірістер комитеті салық талабын қанша блогер орындамағанын мәлім етті, деп жазады inform.kz.
Естеріңізге сала кетсек, камералдық бақылау нәтижесінде комитет 854 блогерге қатысты 2022-2023 жылдары кезеңі үшін 71,9 млрд теңгеге табысын төмендетуіне орай 1 586 хабарлама жіберген.
Биыл 4 маусымдағы жағдай бойынша 394 блогер қосымша нысан ұсынып, 11,8 млрд кірістерін декларациялаған. 0,64 млрд теңге салық төлеген.
— Бүгінде камералық бақылаудың бұған дейін жіберілген хабарламасын орындамағаны немесе толық орындамағаны үшін блогерлерге қатысты салықтық тексеру тағайындау іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл ретте олардың төртеуіне қатысты 2,2 млрд теңге сомасындағы кірісті төмендету фактісі бойынша тексеру туралы бұйрық енгізілді, — деді комитеттен агенттіктің ресми сауалына орай.
Осы жылдың 23 сәуіріндегі жағдай бойынша 338 блогер 10 млрд 585,4 млн теңге сомасына кірістерді декларациялап, 256,7 млн теңге сомасында жеке табыс салығын төлеген еді.