Салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі 24 және 25 қыркүйекте аяқталады

0
97


Салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі 24 және 25 қыркүйекте аяқталады

фото: zakon.kz.

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2025 жылғы 24 және 25 қыркүйекте салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі аяқталады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Параграф" АЖ еске салады, 25 қыркүйекке дейін мына төлемдерді жасау қажет:

Төлеу қажет:

  • Шетелдік қызметкерлерге берілген табыстардан жеке табыс салығы (ЖТС);
  • Тамыз айында есептен шығу кезінде берілетін жою декларациясы бойынша қосылған құн салығы (ҚҚС).

2025 жылғы қыркүйек үшін:

  • Корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша аванстық төлемдер;
  • Сыртқы (визуалды) жарнама орналастыруға арналған төлем.

2025 жылғы тамыз үшін:

  • Төлем көзіне ұсталып қалатын КТС пен ЖТС;
  • Табыстар мен мүлік туралы декларация бойынша ЖТС;
  • Арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлердің табысынан ЖТС;
  • Әлеуметтік салық;
  • Бірыңғай төлем;
  • Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ), әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС), ерікті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ЕАМС).

Қосымша ағымдағы төлемдер:

  • Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем;
  • Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты пайдаланғаны үшін төлем;
  • Кейбір қызмет түрлерімен айналысуға берілген лицензияны пайдаланғаны үшін төлем (ойын бизнесі, алкоголь өнімдері);
  • Жер пайдалану шарты тамыз айында жасалған жағдайда, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем.