Сән-салтанат салығы: Қымбат мүлік жоғары коэффициентпен есептеледі

0
191

Биыл 7 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Салық кодексін әзірлеу барысына көңілі толмайтынын айтты.


Сән-салтанат салығы: Қымбат мүлік жоғары коэффициентпен есептеледі

ERNUR.KZ. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жаңа Салық кодексінің жобасы дайындалғанын айтты, деп жазады inform.kz.

«Қазір жаңа Салық кодексінің жобасы дайындалды. Оның аясында мүліктің құны белгілі бір шектен асып түссе, оған салық жоғары коэффициент бойынша салынады. Қазір осы принципті ұстанып отырмыз. Дәл қазір шекті мөлшерді жариялай алмаймын, себебі талқылау жүріп жатыр», - деді Е. Біржанов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл ретте ол қымбат мүлікке коэффициент жоғары болатынын нақтылады.

«Мәселен, тұрғын үйдің бағасы тым жоғары болса, тисті деңгей белгіленеді», - деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жаңа Салық кодексі Парламент қарауына 15 мамырға дейін енгізілуі керек.

Биыл 7 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Салық кодексін әзірлеу барысына көңілі толмайтынын айтты.