Сапарбаев қытайларды жұмысқа алуға тиым салды

0
1 156

Қытайларды жұмысқа алуды тоқтату керек.


Сапарбаев қытайларды жұмысқа алуға тиым салды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «СНПС Ақтөбе көлік компаниясы» басшының есебін тыңдады. Әкім компанияның қытайлық директорына қатаң талап қойды, деп жазады aikyn.kz.

«Жұмысшылардың саны қысқармау керек. Керісінше, көбейтуді қараңыздар. Соның ішінде қытайларды жұмысқа алуды тоқтату керек. Бұл жерде бір нәрсе бар. Егер бізде жоқ мамандықтар болатын болса ғана қарауға болады. Ал ІІІ, IV категориялы қытай жұмысшылары керек емес. Оған тыйым салынады», – деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі Ақтөбедегі алпауыт компаниялардың қытайлық басшыларға жалақы мәселесін айтып, өңірдің әлеуметтік саланы қолдауды талап етті.

«Жағдай өткен 2018 жылдан төмен болмау керек. Ең негізгісі еңбек шарты орындалуы тиіс. Жұмысшылардың жалақысын көтеру – Елбасының көтеріп отырған саясаты. Ең төменгі жалақы көлемін 10 пайызға арттыру керек. Осы компанияның басшысы Хуан Юншын мырзаға айтарым, біріншіден, көрсеткіш төмендемеу керек. Жалақы, жәрдемақы, сыйақы, жетім балалар мен нашар тұратын отбасыларға көмек болу керек. Ол үшін экономикалық көрсеткіш ілгерілеу керек. Біріншіден, «СНПС Ақтөбе мұнай-газ» компаниясынан бастап, барлығы осыған жұмыс істеуі тиіс. Ақтөбедегі, басқа өңірлердегі мемлекеттік тапсырыстарға қатысып, жұмыс алып, ақша табу жолдарын қараңыздар», – деді Бердібек Сапарбаев.