Сарбаз жансақтау бөліміне түсті: Президент кінәлі адамдарды жазалауды талап етті

0
496

Науқас клиникалық өлімді бастан кешкен.


Сарбаз жансақтау бөліміне түсті: Президент кінәлі адамдарды жазалауды талап етті

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Бұл туралы Қазақстан Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды», - деді Берік Уәли.

Айта кетейік, Жамбыл облысында сарбаз жансақтау бөліміне түскен еді.

Оқиға 9 маусым күні болған. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі сарбаздың жағдайы ауыр екенін мәлімдеген.

«Науқас 9 маусым күні Гвардейск әскери госпиталінен жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Қордай орталық аудандық ауруханасына «полисегментальды пневмония» диагнозымен жатқызылды. Оң жақта плеврит. 3-4 дәрежелі жұқпалы токсикалық шок. Сепсис. Мидың гипоксиялық ісінуі, церебральды кома 2-3. ДВС синдромы. Науқас клиникалық өлімді бастан кешкен. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр, көптеген мүшелер жеткіліксіздігі байқалады. Атап айтқанда, тыныс алу, жүрек, бауыр, церебральды және инфекциялық токсикалық шок белгілері бар. Гемофильтрация және дәрі-дәрмекпен емделеді», - делінген хабарламада.