Сәтбаевта сауда орталығының алдында ер адамды атып кетті (видео)

0
446

Жарақат алған 1998 жылы туған азамат ауруханаға жеткізілді.


Сәтбаевта сауда орталығының алдында ер адамды атып кетті (видео)

ERNUR.KZ. Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында көшеде ер адамды атып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін тал түсте Сәтбаев қаласының орталығында орналасқан «Ulytau mall» сауда үйінің алдында болды. Салдарынан бір адам ауруханаға жеткізілді.

«Жарақат алған 1998 жылы туған азамат Жезқазған қаласындағы облыстық көпбейінді аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Атылған оқтан оң жамбасына және жыныс мүшелеріне зақым келген. Сонымен қатар арқа тұсы мен екі жауырын аралығына пышақ жарақаты салынған. Хирургтер көмек көрсетіп жатыр», - деп мәлім етті Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасынан.

Әзірге оқиғаның мән-жайы белгісіз. Тәртіп сақшылары тергеу амалдарына кірісті.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады Ұлытау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.