Сәуір айында 400 мыңға жуық отбасы көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны алады

1
1 005

Аталған мемлекеттік жәрдемақыны енгізу атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерімен қарастырылған табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағытының бірі болып табылады.


Сәуір айында 400 мыңға жуық отбасы көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны алады

396,6 мың отбасы ағымдағы жылғы 15 сәуірге дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алады. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 19 млрд теңге көзделген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар көпбалалы отбасылар табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты 42,5 мың теңгеден (4 бала) 74,4 мың теңгеге (7 және одан да көп бала) дейін сараланған.

Аталған мемлекеттік жәрдемақыны енгізу атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерімен қарастырылған табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағытының бірі болып табылады.

Сонымен қатар, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақылардың барлық түрлері белгіленген кестеге сәйкес толық көлемде іске асырылатын болады.