Тергеу аясында әкімдік қызметкерлері мен лагерьді ұйымдастырушылар әрекетіне баға берілетіні айтылды.
ERNUR.KZ. Алматы прокуратурасы саунадағы балалар лагері бойынша іс қозғалғанын хабарлады,деп жазады tengrinews.kz.
Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 361-бабы "Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану" және Қылмыстық кодекстің 140-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау" деген екі бап бойынша соталды тергеу басталған.
"Лагерьді қаржыландыру Алматы Білім басқармасының жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бюджетінен жүзеге асырылғаны анықталды. Бұл ретте ұсынылған конкурстық құжаттама қойылатын талаптарға толық сәйкес келмеген. Қылмыстық істерді тергеу Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырылды", - деп хабарлады прокуратура.
Тергеу аясында әкімдік қызметкерлері мен лагерьді ұйымдастырушылар әрекетіне баға берілетіні айтылды.