Сегіз су жаңа көлік жанып кетті: желіде Жамбыл облысында түсірілген видео тарады

0
345

"Алматы-Ташкент" республикалық маңызы бар жолда 8 жеңіл көлікі тиелген жүк автовозы толығымен жанып кетті.


Сегіз су жаңа көлік жанып кетті: желіде Жамбыл облысында түсірілген видео тарады

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында автотасығыш су жаңа 8 көлікпен бірге жанып кетті, деп жазады sputnik.kz.

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады.
"Алматы-Шымкент тас жолында осындай автотасығыш жанып кетті. 8 су жаңа көлік те бар. Қызып кетті ме, басқа бір себеп болды ма, түгі қалмай өртенді. Абайлаңыз, қазір күн ыстық, көлік пен температураны қадағалап жүріңіздер. Балондарды да байқаңыз, өйткені жол – бетон, доңғалақтар қызады. Соңында осылай болады", - дейді видео авторы.
Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға 27 шілдеде сағат 22-33-те Қордай ауданында болған. "Алматы-Ташкент" республикалық маңызы бар жолда 8 жеңіл көлікі тиелген жүк автовозы толығымен жанып кетті.
Оқиға орнына екі техникамен 6 өрт сөндіруші барған. Құтқарушылар өртті екі сағаттың ішінде өшірді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.