Семейде аммиак селитрасы сақталған үлкен қойма өртенді

0
231

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке не түрткі екені айтылмайды.


Семейде аммиак селитрасы сақталған үлкен қойма өртенді

ERNUR.KZ Семей қаласында түнде алапат өрт болды. Аммиак селитрасы және химиялық ұнтақ сақталған үлкен қойма отқа оранды, деп жазады Zakon.kz.


Қызыл жалын жалмаған ауданның алдын ала көлемі - 1000 шаршы метр. Қойманың жалпы ауданы 4500 шаршы метрді құрайды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке не түрткі екені айтылмайды.

ТЖМ күштерімен сағат 3:23-те өрт оқшауланды. Сағат 5:01-де өрт толығымен сөндірілді.