Семейде автобуста ер адам кенеттен қайтыс болды

0
113

Ер адам құлаған бойда аузынан қан кеткен.


Семейде автобуста ер адам кенеттен қайтыс болды

фото: Акимат Астаны

ERNUR.KZ. Семейдегі қоғамдық көліктердің бірінде ер адам қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.
Қоғамдық көлікте болған оқиға әлеуметтік желіде тарады.
Автобуста кетіп бара жатқанда ер адам аяқ асты құлап қалған. Жолаушылар бірден көмек көрсетпек болады. Куәгерлердің айтуынша, ер адам құлаған бойда аузынан қан кеткен.
Оқыс жағдайға қатысты полиция түсініктеме берді.
"27 сәуірде Семей қаласында маршруттық автобуста 65 жастағы ер адам есінен танып құлаған. Жүргізуші жедел жәрдем шақырған. Бірақ оны құтқару мүмкін болмады", - дейді Абай облысының полиция департментінде.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.