Семейде аязда үсіп қала жаздаған 20-дан астам адам құтқарылды

0
1 899

21 адам Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді.


Семейде аязда үсіп қала жаздаған 20-дан астам адам құтқарылды

ERNUR.KZ. Семей қаласының полиция қызметкерлері аязда үсіп қала жаздаған 20-дан астам адамды құтқарды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше 30 градус аязда көшеде қалған 21 адам Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Мас күйде болған олардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнген.

Осы орайда, полицейлер қала тұрғындарына өтініш жасап отыр.


«Егер сіз көшеде мас күйде жалғыз жатқан адамды, қасында ересек ешкім жоқ баланы немесе көмекке мұқтаж қарттарды байқасаңыз «103», «112», «102» нөмірлерінің біріне қоңырау шалыңыз. Біз дереу оларға көмек көрсетеміз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.