Семейде бүлдіршіндерге қарап, ұятсыз іс-әрекет жасаған тұрғын 15 тәулікке қамалды

0
110

Оқиға Восточный ауданындағы көпқабатты үйлердің кіреберісінде тіркелген.


Семейде бүлдіршіндерге қарап, ұятсыз іс-әрекет жасаған тұрғын 15 тәулікке қамалды

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде оғаш жайттың бейнежазбасы жарияланды, деп жазады inbusiness.kz

Осылайша, Семей тұрғындары көпқабатты үй аулаларының бірінде жағымсыз оқиғаның куәгері болды.

Оқиға былайша өрбіген. Ер адам көпқабатты үйдің кіреберісінде тұрып, балалар алаңында ойнап жүрген бүлдіршіндерге қарата әдепсіз әрекет жасаған.

Оны жедел түрде жергілікті тұрғындар ұстап, содан соң полиция қызметкерлеріне тапсырған.