Семейде соққыға жығылған оқушының отбасына пәтер сатып алынды

0
258

​Жергілікті блогер Аида Жүнісова бұл туралы әлеуметтік желіде видео жариялады.


Семейде соққыға жығылған оқушының отбасына пәтер сатып алынды

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Семейде соққыға жығылған оқушыға қазақстандықтар жаңа пәтер алып берді, деп жазады tengrinews.kz.

Жергілікті блогер Аида Жүнісова бұл туралы әлеуметтік желіде видео жариялады.

“Кілтті алдық, енді оның өз шаңырағы бар. Барлық қол ұшын созған қазақстандықтарға алғыс білдіреміз”, – деп жазды ол.

Сондай-ақ қазақстандықтар семейлік оқушыға көмектесу үшін 35 миллион теңге жинап, осы қаражатқа жаңа пәтер сатып алынғанын айтты.

Еске салайық, Семей қаласында 2025 жылдың ақпан айында орын алған оқиға қоғамның назарын аударды. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада бір топ жасөспірімнің 6-сынып оқушысын аяусыз ұрып-соғып, қорлағаны көрінеді. Кадрларда олар баланы теуіп, басынан ұрып, үстіне секіріп, күліп, оны бетке ұруға шақырған дауыстар естіледі. Бұл әрекеттерге ұл балалармен қатар қыздар да қатысқан.