50 адамға арналған субсидияланған рейсті "SCAT" әуе компаниясы жүзеге асырады.
ERNUR.KZ. Бүгіннен бастап "Қарағанды – Семей – Қарағанды" бағытында рейс іске қосылды, деп жазады sputnik.kz.
50 адамға арналған субсидияланған рейсті "SCAT" әуе компаниясы жүзеге асырады.
"Жолаушылар аптасына 2 рет – сейсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын болады. Билет бағасы – 15 000 теңге", - деп жазылған хабарламада.
Жаңа бағыттың ашылуы тұрғындарға қолайлы әрі қолжетімді бағада сапарлауға мүмкіндік береді.
Әкімдік хабарлауынша, қазіргі уақытта Семей қаласынан Алматы, Астана, Үржар, Қарағанды бағыттары бойынша әуе рейстері орындалып жатыр. Аталған рейстерді "FlyArystan", "Оңтүстік аспаны", "SCAT" әуе компаниялары жүзеге асырып келеді.