Сенат халықтың көші-қонын жетілдіруге қатысты заңды Мәжіліске қайтарды

0
519

Бас комитет заңның жекелеген баптарын мақұлдамады.


Сенат халықтың көші-қонын жетілдіруге қатысты заңды Мәжіліске қайтарды

ERNUR.KZ. Сенат кейбір заңнамалық актілерге халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды Мәжіліске қайтарды, деп жазады inbusiness.kz.

Конституцияның 61-бабы 4-тармағына сәйкес заңның жекелеген нормалары мақұлданбады, көрсетілген нормалардың жаңа редакциясын ұсына отырып заң Мәжіліске кері қайтарылды.

"Заңды талқылау және оны екінші оқылымға дайындау барысында заңды жетілдіруді көздейтін маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Барлық ұсыныстар мен ескертулер 11 түзетуден тұратын салыстырмалы кестеге жинақталып, сіздердің назарларыңызға ұсынылып отыр, құрметті әріптестер. Оларды атап айтатын болсақ, құқықтық қайшылықты болдырмау мақсатында Жер кодексіне қоныс аударушыларға конкурстан тыс тәртіппен шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін берілетін жер учаскелерінің мерзімдеріне қатысты толықтырулар енгізілді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 428-1-бабының екінші бөлігі бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің, тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының қызметкерлері өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, қылмыс жасаған жағдайда екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық қатаңдатылып, жазаның балама түрлері алып тасталды. Бейнебақылау жүйелерін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін қылмыстық жауаптылықтың енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне бейнебақылау жүйесі ұғымын енгізу бөлігінде түзетулер енгізілді", - деді сенатор Советбек Медебаев.

Бұдан бөлек "Халықтың көші-қоны туралы" заңына заңнама талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау туралы дербес тараудың енгізілуіне байланысты заңның жекелеген нормалары ҚР Кәсіпкерлік кодексінің және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының нормаларына сәйкес келтірілген.

Сонымен қатар, осы заңмен ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуiне тыйым салатын негіздер кеңейтіліп отыр, деп жалғастырды Сенат депутаты.

"Қылмыстық-процестік кодекстің нормаларына сәйкес келтіру мақсатында, "Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы" және "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына тиісті толықтырулар енгізілді. Атап айтатын болсақ, қылмыскер, азаматтығын алған елге Қазақстан Республикасы ратификациялаған, сотталған адамдарды беру туралы халықаралық шарттармен қоса, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының шет мемлекеттің құзыретті органдарымен және лауазымды адамдарымен өзара келісім қағидаты негізінде қол жеткізген келісімге сүйене отырып, өзінің азаматтығы тиесілі мемлекетке берілетін болады", - деді депутат.