Сенат спикері Қазақстандағы кезектен тыс парламент сайлауы туралы қауесетке жауап берді

0
138

Бұған дейін Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырған болатын.


Сенат спикері Қазақстандағы кезектен тыс парламент сайлауы туралы қауесетке жауап берді

Фото: parlam.kz

ERNUR.KZ. Сенат спикері Мәулен Әшімбаевқа Қазақстан парламентінің кезектен тыс сайлауы туралы қауесетке қатысты сұрақ қойылды, деп жазады tengrinews.kz.

Әшімбаевтың айтуынша, шынымен де мұндай ақпаратты таратушылар болуы мүмкін.

"Мұндай әңгімелер көп тарап жатыр деп айта алмаймын – біреу, мүмкін, мұндай ақпаратты таратқан шығар. Бірақ, көріп отырғандарыңыздай, мерзімінен бұрын сайлау өтеді деп айтуға ешқандай негіз жоқ", – деді ол Сенат кулуарында.

Әшімбаев кейде Сенат пен Мәжілісті біріктіру туралы әңгімелер айтылатынын да атап өтті.

"Менің ойымша, бұл жай ғана бір ой тастап, мағынасыз талқылау тудыру мақсатындағы көңіл көтеру сияқты нәрсе. Ал біз елдің дамуы, экономикамыз бен бизнесімізді дамыту секілді мазмұнды мәселелерге назар аударуымыз керек", – деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырған болатын. Ол 27 маусымда сағат 10:00-де Астанада өтеді.