Кітап 1000 данамен басылып шықты.
ERNUR.KZ. С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада ПМУ қазақ тілі және журналистика кафедрасының профессоры Серік Елікбай «Қанжығалы Бөгенбай» тарихи романының тұсаукесері өтті, деп жазады Baq.kz.
«Бұл қазақ батыры, қолбасшы Қанжығалы Бөгенбайдың өмірі мен ерлігіне арналған. Батырдың басқа кейіпкерден ерекшелігі сол, Бөгенбай батыр «ақ сүйектердің» өкілі емес, халықтан шыққан қарапайым азамат», - дейді роман авторы.
Профессор кітапта жазу барысында түрлі тарихи дереккөзге жүгінген. Құнды деректер Санкт-Петербургтері танымал кунсткамера, украиналық және қытайлық мұрағаттардан табылған.
Кітап 1000 данамен басылып шықты. Серік Елікбай алдағы уақытта тағы үш роман жазып, қалың бұқара үшін басып шығармақ.