Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды

0
736

Ол 23 наурыз күні Қырғызстанмен шекара арқылы елден кетіп қалған.


Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды

ERNUR.KZ. Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бүгін Алматы облысы ПД бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың ісі бойынша соттың кезекті отырысы өтті. Ол сотқа келмеді. Бұған дейін кейбір БАҚ сотталушының Қазақстан аумағынан кеткенін хабарлаған еді.

Талдықорған қалалық сотының судьясы Шекара қызметінің мәліметінше, Күдебаев Қырғызстанмен шекара арқылы ел шекарасынан кетіп, одан әрі Манас әуежайынан Түркияға ұшып кеткенін хабарлады. Бұл 23 наурызда болған.

Сондай-ақ, судья 9 наурыз күні сотталушы гипертония диагнозымен Рахат медициналық орталығына жатқызылғанын хабарлады. Сотталушының ауруына байланысты сот отырыстары бірнеше рет кейінге қалдырылғандықтан, Күдебаевты сотқа мәжбүрлеп жеткізу туралы шешім қабылданды. Алайда, оның елде жоқ екені белгілі болды.

Айта кетейік, былтыр мамыр айында Бас прокуратура Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылғанын хабарлады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» ретінде Қылмыстық кодексінің 370-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы бойынша жүргізілді. Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысының Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған. 2022 жылдың 18 ақпанында ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.