Сеулде қаза тапқан қазақстандық қыз Ақтөбеде жерленді

0
544

Марқұм қыздың үлкен әпкесінің айтуынша, Мәдинаның денесі Алматыға 3 қарашада жеткізілген.


Сеулде қаза тапқан қазақстандық қыз Ақтөбеде жерленді

ERNUR.KZ. Оңтүстік Корея астанасында Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде қаза тапқан қазақстандық қыз Ақтөбеде жерленді, деп жазады tengrinews.kz.

Марқұм қыздың үлкен әпкесінің айтуынша, Мәдинаның денесі Алматыға 3 қарашада жеткізілген.

"Біз неге ұзаққа созылып кетті деп қатты уайымдадық. Бірақ бәрі ойдағыдай өтті. Бейсенбі Мадинаның денесі Алматыға жетті. Оның қасында бір түн болдық. Сенбі күні таңертең оны жерледік", - дейді әпкесі.