Шағын футболдан Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты

0
233

Ел құрамасы ширек финалда Әзербайжанды қапы қалдырып кетті.


Шағын футболдан Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты

ERNUR.KZ. Босния және Герцеговина астанасы Сараево қаласында кіші футболдан әуесқойлар арасында Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты, деп жазады inform.kz.

Ел құрамасы ширек финалда Әзербайжанды қапы қалдырып кетті.

Ойынның негізгі кезеңі 0:0 есебімен тең аяқталды. Қазақстандықтар қарсыласын пенальти сериясында 7:6 есебімен жеңіп кетті.

Айта кетсек, Әзербайжан құрамасы өткен Еуропа чемпионатында жеңімпаз атанған еді.

Енді жартылай финалда қазақстандықтар Сербия және Бельгия жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ел құрамасы топтық кезеңде Англия (7:0) және Украинаны (3:2) жеңсе, Грекияға (0:1) есе жіберіп қойды.

Ал 1/8 финалла Словенияны (1:0) орта жолда қалдырып кетті.