«Шалбарын шешіп жүрген»: Павлодарда мектеп ауласында ерсі әрекет жасаған ер адам жазаланды

0
1 874

Ол мектеп ауласында ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша айыпталды.


«Шалбарын шешіп жүрген»: Павлодарда мектеп ауласында ерсі әрекет жасаған ер адам жазаланды

ERNUR.KZ. Павлодарда мектеп ауласында ерсі әрекет жасаған ер адам жазаланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотымен қала тұрғынына қатысты іс қаралды. Ол мектеп ауласында ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша айыпталды.

"Сотта азамат 23 қыркүйек күні сағат 16:00 шамасында алкогольдік масаң күйде Павлодар қаласының Айманов көшесіндегі мектептің ауласында айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштықтарын бұзып, шешілген шалбарымен жүргенін, табиғи қажеттілігін шығарғаны үшін, сол арқылы ұсақ бұзақылық жасағаны анықталды", - делінген хабарламада.

Сот отырысында ол құқық бұзушылықты жасағаны жайында кінәсін толықтай мойындап, көрсетілген әрекеттерді масаң күйінде жасағанын түсіндірді. Кінәсін мойындаумен қатар, оның айыбы іс материалдарымен, учаскелік полиция қызметкерінің баянатымен дәлелденді.

Сот оны ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.