Шаңды дауыл соғады: Қазақстанда алдағы күндері күн суытады

0
596

8-10 маусымда күн суытады, жаңбыр жауып, жел күшейеді.


Шаңды дауыл соғады: Қазақстанда алдағы күндері күн суытады

"Қазгидромет" орталығы мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі фронтальды бөліктердің ықпалында болады, жаңбыр жауады,

10 маусымда Қазақстанның орталығында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, қатты жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл сақталады. Кезекті солтүстік-батыс суық антициклоны еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасының түнде 3-8, кей жерлерде 12 градусқа дейін төмендеуіне алып келеді, күндіз 17-22, кей жерлерде 25 градус жылы болады.

Елдің қалған аумағында температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.