Шаршаған өрт сөндірушілердің видеосы елдің көңілін елжіретті

0
721

Кадрдан өрт сөндірушілердің әр жерге жантая кеткенін көруге болады.


Шаршаған өрт сөндірушілердің видеосы елдің көңілін елжіретті

ERNUR.KZ. 2023 жылғы 9 маусымда әлеуметтік желілерде Абай облысындағы алапат орман өртін сөндіріп, шаршаған өрт сөндірушілер түсірілген бейнежазба тарады. Бейнежазба Қазнет қолданушыларын тебірентті, деп жазады zakon.kz.

Видео Instagram-дағы yknews.kz желісінде жарияланды. Кадрдан өрт сөндірушілердің әр жерге жантая кеткенін көруге болады. Сипаттамаға қарағанда, видео Абай облысының Бородулиха ауданында түсірілген. Қазіргі уақытта ол жақта алапат орман өрті сөндіріліп жатыр. Шаршаған өрт сөндірушілер жерге домалай кетіпті.

Басын қатерге тігіп, борышын өтеп жатқан өрт сөндірушілерге халық тәнті болды.

9 маусым күні ҚР ТЖМ "Семей орманы" резерватындағы өртті сөндіруге жұмылдырылған адам саны 300-ден асқанын мәлімдеді.