Шаруаларға 4,8 млрд м3 суармалы су берілді

0
123

Биылғы вегетациялық кезең орташа көпжылдық мерзімнен 20 күнге ерте басталды.


Шаруаларға 4,8 млрд м3 суармалы су берілді

ERNUR.KZ. Бұл көктем мезгіліндегі аномалиялық жылы ауа-райына байланысты болды. Сонымен қатар атомосфералық жауын-шашынның жетіспеушілігі мен жоғары ауа температурасы қолда бар су ресурстарына айтарлықтай қысым түсіріп, суармалы жерлерді тұрақты сумен қамтамасыз етуді едәуір қиындатады. Осыған байланысты, Су ресурстары және ирригация министрлігі суармалы су тапшылығы тәуекелдерін төмендету бойынша жүйелі және мақсатты жұмыс жүргізуде, оның ішінде шаруалармен су пайдалануды реттеу және жүйелеу жөніндегі іс-шаралар қолға алынды. Бұл жайында ҚР су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ брифингінде хабарлады.

Оның айтуынша, министрлік өткен жылдан бастап шарттық негізде суармалы су беру бойынша жұмыс ұйымдастырды. «Қазсушар» филиалдары мен фермерлер арасында тікелей шарттар жасасу су беру шарттарының ашықтығын қамтамасыз етіп, тараптардың жауапкершілігін күшейтуге және суды рұқсатсыз пайдалануды қысқартуға мүмкіндік берді.

«Жалпы республика бойынша 12 млрд м3 су алу жоспарда бар, оның 97%-ы оңтүстік өңірлерге суару үшін 1,2 млн га ауыл шаруашылығы алқаптарына бағытталған. «Қазсушар» РМК бойынша биыл суару мақсатына арналған алдын ала су пайдалану жоспары – 8,8 млрд м3 бөлінді. Бүгінгі таңда 4,8 млрд м3 су алынды, бұл вегетациялық кезең жоспарының 55%-н құрайды. Вегетациялық кезеңнің соңына дейін тағы 4 млрд м3 берілу керек. Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі су шаруашылығы жағдайы мынадай: Алматы және Жетісу облыстарында вегетациялық кезең тұрақты жағдайда өтуде, ағымдағы сәтте аграрлық секторды сумен қамтамасыз етуде елеулі тәуекелдер тіркелмеген», – деді спикер.

Ал, Жамбыл облысы бойынша вегетациялық кезең жоспарлы режимде өтуде. Мәселен, 25 сәуірде Астана қаласында Шу және Талас өзендерінде мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы комиссиясының 35-ші отырысы өтті, оның барысында ағымдағы суару маусымына су беру кестесі келісілді және бекітілді.

Қабылданған шаралар мен келісілген кестелер Жамбыл облысының аграрлық секторының қажеттіліктерін қажетті көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, Теріс-Ащыбұлақ, Қарақоңыз және Бүркітті су қоймалары бойынша жекелеген тәуекелдер бар, мұнда су көлемі былтырғы мәндерден төмен, бұл қыс-көктем кезеңінде жауын-шашын тапшылығына байланысты. Сондықтан фермерлік шаруашылықтармен келісілген су берудің жаңа кестелері әзірленіп, бекітілді. Жамбыл, Талас және Байзақ аудандарының жергілікті атқарушы органдарымен кездесулер өткізілді, олардың барысында оларға су тұтынудың бейімделу режимі бойынша ұсынымдар берілді. Олар: суаруды негізінен түнде ұйымдастыру суарудың нақты кезектілігін енгізу, көпжылдық шөптерді суаруды бір циклге дейін шектеу.

Бұдан бөлек, 1 шілдеге дейін Қордай ауданы Қайнар ауылында қоректендіретін сорғы станциясының құрылысын аяқтау жоспарлануда, бұл нысан төмендегі учаскелерге су беруді ұлғайтуға, негізгі арнаға жүктемені азайтуға және су ресурстарының ағымдағы тапшылығын ішінара өтеуге мүмкіндік береді. Станция құрылысы аяқталғанға дейін үш күндік су беру кестесімен су айналымы режиміне көшу туралы уақытша шешім қабылданды.