Щучинскте моншадағы жарылыстан ер адам көз жұмды

0
335

Күйік алған ер адам ауруханада көз жұмды.


Щучинскте моншадағы жарылыстан ер адам көз жұмды

© AP Photo / Luca Bruno

ERNUR.KZ. Ақмола облысы, Щучинск қаласында моншада жарылыс болып, бір адам қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.
Щучьедегі моншалардың бірінде қазандық жарылған. Бірақ оқиға орнына төтенше жағдайлар мамандары шақырылмаған.

"Салдарынан 1962 жылы туған ер адам будан термиялық күйікпен ауруханаға жеткізілген. Өкінішке орай ол ауруханада қайтыс болды", - дейді ведомство.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар жасалып жатыр.