Шенеуніктің түрмедегі «бақуатты тіршілігі» видеоға түсіп қалды

0
932

Видео авторының айтуынша, түзету мекемесінде қылмыстық топ басшыларына жеңілдіктер қарастырылған.


Шенеуніктің түрмедегі «бақуатты тіршілігі» видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Қостанайдағы түзету мекемесінде жасырын түсірілген видео желіде тарап кетті. Ролик авторы оқиғаның 161/2 колониясында болғанын айтады, деп жазады Skifnews.kz.

Видеода төрт адамның түзету мекемесінде тамақтанып отырғаны көрінеді. Камерада мол дастарқан жайылып, теледидар жұмыс істеп тұр. Бөлменің терезесінде перде ілінген.

Бұл колонияда Батыс Қазақстанның спорт басқармасының экс-басшысы Мүсілім Оңдағанов жазасын өтеп жүр. Ол 200 миллион теңгеден астам қаражат жымқырғаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Видео авторының айтуынша, түзету мекемесінде қылмыстық топ басшыларына жеңілдіктер қарастырылған. Олар тіпті режимді де бұзады.
Қылмыстық-атқару жүйесінің жергілікті департаменті бұл жағдайды растады. Қостанай колониясындағы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.