ШҚО-да балалар үйіндегі жасөспірімді ұрып-соққан екі тәрбиешіге үкім шықты

0
404

Олар екі балаға қол көтеріп, жеңіл дәрежеде дене жарақатын келтірген.


ШҚО-да балалар үйіндегі жасөспірімді ұрып-соққан екі тәрбиешіге үкім шықты

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласындағы балалар үйінде 2006 жылғы балаға дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сот ісі мәресіне жетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетсек, Аягөзде кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғу фактісі бойынша сот ісі қаралып жатқанын хабарлаған едік.

Іс облыс прокурорының бақылауына алынып, оқиға орнына ШҚО әкімінің орынбасары Әлишер Мархабат барған болатын.

Аягөз аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, екі айыпталушыға қатысты үкім шыққан.

«Балалар үйінің екі тәрбиешісіне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 140-бабы 2-бөлігіне (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамай, қатыгездік таныту) сәйкес іс қаралды. Анықталғандай, олар екі балаға қол көтеріп, жеңіл дәрежеде дене жарақатын келтірген. Айыпталушылар өз кінәсін мойындап, істеген ісіне қатты өкінетінін жеткізді», - делінген хабарламада.

Сот үкімімен «И» есімді сотталушы бала тәрбиелеуге қатысты кез келген мекемеде жұмыс істеу құқығынан 2 жылға айырылып, 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды.

Ал «Д» есімді айыпталушы бала тәрбилеуге қатысты кез келген мекемеде жұмыс істеу құқығынан 2 жылға айырылып, 40 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.