ШҚО-да балалар үйінің экс-директоры мен бас есепшісі 63 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

0
904

Бұл жетім балаларды қамтамасыз етуге арналға ақша болған.


ШҚО-да балалар үйінің экс-директоры мен бас есепшісі 63 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы балалар үйінің директоры мен бухгалтері 63 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді, деп жазады Stan.kz.

Бұл жанжал 2019 жылдың қаңтарында, мамандандырылған балалар үйінің 160 қызметкері Жаңа жыл қарсаңында жалақысыз қалған кезде басталды. Содан кейін желіге жиналыста түсірілген видео жарияланды, онда мекеменің бас бухгалтері балалар үйінің директорымен бірге 15 миллион теңге жымқырғанын мойындады. Ал бұл ақша жетім балаларды қамтамасыз етуге арналған еді.

Ақшасыз қалған қызметкерлер іс қозғалмайды деп қорқып, прокуратураға, БАҚ-қа жүгінді. Қылмыстық іс қозғалды.


"Қылмыстық іс Өскемен қаласының № 2 сотына қарауға келіп түсті. Мамандандырылған балалар үйінің бұрынғы қызметкерлеріне - экс-директорға, бас есепшіге және кадрлар бөлімінің маманына бюджет қаражатын жымқырды және ысырап етті деген айыптар тағылды. Оларды 2015 жылдың наурызынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін 63 миллион теңгені ұрлады деп айыптауда", - деді Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Чакпантаев.


Соттың мәлімдеуінше, айыптау қылмыстық кодекстің 189-бабы "бір топ адамдар жасаған, кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде иемденіп алу және ысырап ету" бойынша тағылды, оған сәйкес айыпталушылардың мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылады, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге түрмеге қамау көзделеді.