ШҚО-да қатты жел ондаған үйдің шатырын ұшырып әкетті

0
221

Зардап шеккендерге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы материалдық көмек көрсетіледі.


ШҚО-да қатты жел ондаған үйдің шатырын ұшырып әкетті

ERNUR.KZ. ШҚО-дағы Черемшанка, Быструшин және Малоубинский ауылдық округтері мен Быструха ауылында қатты жел үйлерді зақымдады, деп жазады tengrinews.kz.

Глубоковский ауданының әкімі Эльдар Тумашинов комиссиямен бірге апаттан зардап шеккен аудандарға барып, апатты жағдайда тұрған тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар тексеріліп, қатты желдің салдарын жою жоспары жасалғаны айтылды.

"Аудандық бюджеттен әлеуметтік нысандарды жөндеуге қажетті қаражат бөлінеді", - деп хабарлады Глубоковский ауданының әкімдігі.

Зардап шеккендерге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы материалдық көмек көрсетіледі.