Айнұр Семсенова 14 қаңтарда үйінен шығып, жұмысына кеткен
ERNUR.KZ. Осыдан екі аптадай уақыт бұрын Жарма ауданында із-түссіз жоғалып кеткен 30 жастағы Айнұр Семсенова туралы жазылған болатын. Жоғалған әйелдің өлі денесі табылды, деп жазады altaynews.kz.
Айнұр – Қалбатау ауылының тұрғыны болатын. 14 қаңтар күні сағат 15.00 шамасында ол үйінен шығып, жұмысына кеткен. Сол бойы қайта оралмайды.
Екі аптадан астам уақыт еріктілер тобы мен полиция қызметкерлері Айнұрды іздеу жұмыстарын жүргізді. Бүгін оның өлі денесі табылғаны туралы ақпарат түсті.
Сол күні Қалбатауда боран болған. Айнұр Семсенова түтеген боранда адасып, үсіп қалған екен.