ШҚО-дағы алапат өрт: Полиция тергеуді бастады

0
428

Өрттен қаза тапқандар бар.


ШҚО-дағы алапат өрт: Полиция тергеуді бастады

ERNUR.KZ. Полиция Шығыс Қазақстан облысында әйел адам қайтыс болып, екі ер адам жансақтау бөліміне түскен өрт оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеуді қолға алды, деп жазады zakon.kz.

Аталған факт бойынша Риддер қалалық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 204-бабы, 2-бөлімі (Отпен жұмыс істеуде абайсызда бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, - деді Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

10 мамырда Шығыс Қазақстан облысында орман өртке оранды. Риддер қаласы маңындағы өртте Лесхоз елді-мекенінің бірнеше үйі жанып кетті. Зардап шеккендер мен құрбандар бар. Өртті сөндіру ісі жалғастырылуда.

Қазіргі уақытта, нақтыланған мәліметтер бойынша, 35 үй мен 9 қора-қопсы өртеніп кетті. Даниал Ахметовтың айтуынша, баспана мәселесін толығымен шешу үшін 2,5 айдай уақыт қажет.