Өрт сөндірушілер жалынның таралуын тоқтата алды.
Фото: ҚР ТЖМ видеосынан скриншот
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Бұқтырма су қоймасына қарасты Аюда шатқалында орман өрті шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
ТЖД мәліметінше, Приморское орманшылығы аумағында орман алқабында шөп, бұта және ағаштар жанған.
Өртті сөндіруге ТЖМ авиациясы тартылды. Оқиға орнында орман шаруашылығының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, сондай-ақ ШҚО ТЖД күштері жұмылдырылған.
«Өртті сөндіру жұмыстары таулы жер бедері мен желдің екпініне байланысты күрделене түсті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалынның таралуы тоқтатылды. Қазіргі уақытта ашық ошақтар жоқ. Жағдай бақылауда», – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Жалпы «Қазавиақұтқару» ТЖМ әуе кемесі 21 тонна су төгіп, жеті рет су шашу жұмыстарын жүргізген.


