Көрме 2020 жылы наурыз-тамыз айларында болады.
ERNUR.KZ. Келесі жылы Кембридж университетінде көрме ұйымдастырылып, оған ШҚО-да археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған сақ бұйымдары қойылады, деп жазады Аltaynews.
Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың сөзінше, көрме 2020 жылы наурыз-тамыз айларында болады. Оған Зейнолла Самашев, Әбдеш Төлеубаевтар жүргізген қазба жұмысында табылған 59 000 артефакт қойылады. Одан бөлек Абай Құнанбайұлының қолданған бұйымдары мен Семейдегі кітапхананың сирек кездесетін 200 кітабы да болады.
Көрме барысында Әміре Қашаубаев атындағы филармония мен «Кербез» этно-фольклорлық ансамблінің өнерпаздары Абай, Шәкәрім әндерін орындайды деп жоспарланған.