ШҚО полицейлері 10 тонна контрафактілік алкогольді өнім тәркіледі

0
1 033

Тексеру барысында 40 жастағы көлік жүргізушісі мен оның қасындағы жолаушының айтуынша, олар алкоголь өнімін Үржар ауданының аумағына өткізу мақсатында әкелген.


ШҚО полицейлері 10 тонна контрафактілік алкогольді өнім тәркіледі

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 10 тоннадан астам алкоголь өнімін заңсыз тасымалдаудың жолын кесті, деп жазады 24.kz.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасын өткізу барысында Үржар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 5 литрлік ыдыста барлығы 2000 данадан асатын алкоголь өнімін тиеген жүк көлігін анықтады. Тексеру барысында 40 жастағы көлік жүргізушісі мен оның қасындағы жолаушының айтуынша, олар алкоголь өнімін Үржар ауданының аумағына өткізу мақсатында әкелген. Алайда әкеле жатқан жүктеріне қандай да бір құжаттар ұсына алмады.Осы факті бойынша әкімшілік өндіріс қозғалып, тасымалданған жүк тәркіленді, тиісті сараптама тағайындалды.