Шортандыдағы жарылыс: Тағы бір адам көз жұмып, 4 бала тұл жетім қалды

0
1 821

Алтыншы адам Сұраухан Серікжан бүгін ауруханада көз жұмды.


Шортандыдағы жарылыс: Тағы бір адам көз жұмып, 4 бала тұл жетім қалды

ERNUR.KZ. Шортандыдағы жарылыстан болған өрттен денесінің 90 пайызын күйік шалған Сұраухан Серікжан бүгін қайтыс болды. 33 жастағы азаматтың бет ауызы мен денесі қатты күйіп қалған болатын, деп жазады exk.kz.

Шортандыдағы тұрғын үйде жарылған газдың кесірінен тағы бір адам көз жұмды. Бұған дейін осы төтенше жағдайдан бес адамның қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Олар: Рахат Баршагүл, Хуан Алтынгүл, Жарқынбек Айару, Жарқынбек Жансая және Жарқынбек Оразәлі. Алтыншы адам Сұраухан Серікжан бүгін ауруханада көз жұмды.

Ал медициналық мекемеге түрлі дәрежелі күйікпен түскен тағы бірнеше адам әлі ем қабылдап жатыр.