​Шошқа фермасындағы төрт адамның өлімі: сот үкімі шықты

0
189

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


​Шошқа фермасындағы төрт адамның өлімі: сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында шошқа фермасында төрт жұмысшының өліміне әкелген оқиғаның нүктесі қойылды. Аққайың аудандық соты қылмыстық істі қарап, үкім шығарды, деп жазады inform.kz.

Аққайың аудандық сотының мәліметінше, оқиға былтыр 1 тамызда Новоивановка елді мекенінде болды. Ферманың кәріздік құдығын тазалауға түскен төртеу қайтып шықпаған. Олардың метан және күкіртсутек газына уланып, есінен танып, кейін батып кеткені белгілі болды.
«Олар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын елемеген. Жұмысшылар белгіленген тәртіппен еңбекті қорғау жөніндегі жоспардан тыс нұсқаулықтан өтпеген, соған қарамастан кәріз құдығының ішінде орналасқан суасты сорғысының шлангісін жөндемек болған. Құдықтың ішіндегісін толығымен сорып алмай, жеке қорғаныс құралдарын пайдаланбай, жұмысшылар кезекпен құдыққа түскен», - делінген баспасөз хабарламасында.
«Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, екі адам, соның ішінде мерт болған – кәріздік-сорғы стансасының басшысы А. және еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметінің жетекшісі М. кінәлі деп танылды. Сот А. мен М.-ны ақтап, олардың ісінде қылмыстық құқықбұзушылық жоқ деп тапты.
«ЖШС-де жеке қорғанудың қажетті құралдары жоқ екені анықталды, яғни жұмысшылар газтұтқыштармен және зиянды заттарды анықтау үшін қажетті арнайы құрал - газ талдағышпен қамтамасыз етілмеген. Бұдан басқа, құдықтың пайдалануға беру актісі болмаған және уәкілетті органдармен келісусіз пайдаланылған, құдықты ЖШС ішкі актімен іске қосқан», - делінген хабарламада.
Ақталғандардың оңалтудан өту құқығы бар.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.