Шпекбаев отставкаға кетуі керек 14 шенеунік туралы айтты

0
2 343

Мемлекет басшысы отставканы қыбалдай ма, жоқ па, өзі шешеді.


Шпекбаев отставкаға кетуі керек 14 шенеунік туралы айтты

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев қарамағандағы қызметкерлердің жемқорлық қылмысына байланысты отставкаға кетуі керек 14 шенеунік туралы айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Жауапкерлігі бойынша мониторингте тұрған 14-і, заң талабына сәйкес, егер олар саяси қызметшілер болса, басшылары отставкаға кету керек. Міндетті түрде. Ал Мемлекет басшысы отставканы қыбалдай ма, жоқ па, өзі шешеді", - деді Шпекбаев Нұр-Сұлтанда "Астана - адалдық алаңы" жобасы аясында өткен журналистермен кездесуде.

2020 жылдың қазанында Антикор қызметі қарамағандағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмысқа байланысты тоғыз саяси қызметшінің отставкаға кеткені, түрлі деңгейдегі 34 басшының тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны туралы хабарланған еді.

Тағы 14 саяси қызметші отставкаға кетуі мүмкін.