Шұғыл: Шымбұлақтағы қар көшкінінен бір адам қаза тапты

0
163

​Алдын ала болжам бойынша, тағы бірнеше адам жараланған.


Шұғыл: Шымбұлақтағы қар көшкінінен бір адам қаза тапты

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Бүгін түскі сағат 14:57-де Шымбұлақ тау-шаңғы демалыс орнының диспетчері солтүстік Талғар ауданында қар көшкіні жүргенін хабарлаған. Алматы қаласының құтқару қызметі жараланған адамдар бар екенін мәлімдеп отыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Алдын ала болжам бойынша жараланғандар бар, бірақ, олардың нақты саны мен дәл қандай жарақат алғаны белгісіз», - деп жазды құтқару қызметі.

Әуел баста оқиға орнына бес құтқарушы мен бір құтқару техникасы аттанған. Кейін тағы бір техника мен кинологтар жөнелген. Құтқару операциясы жалғасып жатыр.

ТЖМ баспасөз қызметі Azattyq Rýhy редакциясына бір адамның қаза тапқанын растаған.