Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан бөлу туралы референдум өткізбек болғандар сотталды

0
431

Мемлекеттік айыптаушы сотта олардың әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.


Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан бөлу туралы референдум өткізбек болғандар сотталды

ERNUR.KZ. Өскемен қалалық №2 сотының шешімімен Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұлттық және әлеуметтік араздықты қоздыратын жарияланымдар мен үгіт-насихаттары үшін сотталды, деп жазады stan.kz.

Тергеу мәліметіне сәйкес, аталмыш тұлғалар 2024 жылдың ақпан айында интернет-ресурстарды (чат-рулетка) пайдаланып, Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан бөлу мақсатында референдум өткізу қажеттігі туралы сенімдері мен идеяларын білдіргені белгілі болды.

“Референдумда оң нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда облысты күштеп басып алуды насихаттады. Айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, өкініш білдірді” делінген хабарламада.

Мемлекеттік айыптаушы сотта олардың әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот үкімі заңды түрде күшіне еніп, аталған тұлғалар 5 жылға бас бостандығынан айырылды.