Шығыс Қазақстан облысында есірткі сататын жас қыз ұсталды

0
2 473

Осындай қылмыс жасаған адам 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Шығыс Қазақстан облысында есірткі сататын жас қыз ұсталды

ERNUR.KZ. Өскемен қаласының тұрғынынан 2 млн теңгенің есірткісі тәркіленді, деп жазады baq.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 21 жастағы әйел адамды ұстаған. Ол жеңіл жолмен пайда табу мақсатында психотроптық заттарды сатумен айналысқан. Ақшаны қолма-қол алмай, есірткіні алдын ала келісілген жерге тастап кетіп отырған.

"Күдіктінің пәтерінен жалпы салмағы 200 граммды құрайтын психотроптық заттың бір реттік 650 дозасы тәркіленді. Оның қара нарықтағы құны 2 млн теңгеден асады", - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3,5 тармақтарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айта кетейік, осындай қылмыс жасаған адам 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.