Оқиға Глубокое ауданында болды.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында найзағай әйелді өлтірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
YK.kz хабарлауынша, әйел бақташы болып жұмыс істеген. Оның қасында болған екі жылқы да тіл тартпай кеткен. Әйелдің 1979 жылы туғаны белгілі болды.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға Глубокое ауданы Черемшанка ауылынан 5 шақырым жерде болған.
Әзірге мемлекеттік органдардан ресми түсініктеме жоқ.
Айта кетерлігі, ШҚО бойынша 2 шілдеде найзағайға байланысты дауылды ескерту жарияланған. Құтқарушылар үйде қалуды ескерткен.