Шығыс Қазақстанда жаңа әуежай салынады

0
647

Жаңа әуежай Зайсан қаласынан 28 шақырым жерде орналасқан Сәтбай ауылында салынады


Шығыс Қазақстанда жаңа әуежай салынады

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында жаңа әуежай құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр, деп жазады kaz.inform.kz.


Жаңа әуежай Зайсан қаласынан 28 шақырым жерде орналасқан Сәтбай ауылында салынады. Бұл туралы ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Нұрғайни Қабидолдина мәлім етті.

“ Жаңа әуежайдың құрылысы өңірде туризмнің дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға ықпал етеді. Жоба аясында әуежай ғана емес, заманауи инфрақұрылым, жаңа жолдар, логистикалық қоймалар мен басқа да маңызды нысандардың салынуы жоспарланғанэ, - деді ол.
Сонымен қатар ауданда республикалық маңыздағы бірнеше ірі жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде ең маңыздысы – «Омск-Майқапшағай» тасжолын қайта жаңғырту жобасы.

Бұл жоба «Қазавтожол» АҚ тарапынан қолға алынып, 17,4 млрд теңге бөлінген. Бұл бастамалар өңірдің экономикалық әлеуетін арттырып, Қазақстанның шығысындағы көлік-логистикалық жүйенің дамуына үлес қосады деп күтіліп отыр.