Шымкенттің әкімін ПРЕЗИДЕНТ тағайындайтын болады

0
1 473

Елбасы Н.Ә.Назарбаев бүгін жарлыққа қол қойды.


Шымкенттің әкімін ПРЕЗИДЕНТ тағайындайтын болады

Шымкент қаласының әкімін мемлекет Президенті тағайындайтын болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтемес жасап.

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды.

Президент тағайындайтын мемлекеттік және саяси қызметкерлер және басқа да тұлғалар тізімінде Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдерімен қатар Шымкент әкімі лауазымы да енгізілді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімінің орынбасарын әкім тағайындайды, ал қаланың Полиция Департаменті басшысын ІІМ тағайындайтын болады.

Елбасы Жарлығы туралы толығырақ мына сілтемеден білуге болады.