Шыңжан Қазақстанға сүттен жасалған сырасын экспорттағысы келеді

0
400

Олар бұл өнімін Қырғызстанға да экспорттауды көздеп отыр.


Шыңжан Қазақстанға сүттен жасалған сырасын экспорттағысы келеді

ERNUR.KZ. Шыңжандағы Тяньжунь сүт өнімдерін шығаратын (халықаралық атауы Tianrun) компанияның директоры Ху Ган биыл сүттен жасалған сыраны Орта Азия елдеріне экспорттауға мүдделі екенін жеткізді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Қазақстан мен Қырғызстанға сүттен жасалған сыраны экспорттауға мүдделіміз. Осыған дейін наурызда Қырғызстанда өткен тауарлар көрмесіне қатыстық. Көрме кезінде сүттен жасалған сыраның сұранысқа ие екеніне көз жеткіздік. Өнім-алкогольсіз. Енді Қазақстанда тамызда қазақ-қытай тауарлар көрмесіне қатысамыз. Экспорт көлемі әлі белгісіз. Біз көрме арқылы серіктестермен тауарға сұраныс тудыратын инвесторларды тапқымыз келеді»,- дейді Ху Ган.

Оның айтуынша, сүттен жасалған өнімдерді экспорттау қиындық туғызады.

«Себебі оның уақыты шектеулі, бір айдан асса,өнім бұзылып, жарамсыз болып қалады»,- дейді ол.

Айта кетейік, Шыңжандағы Тяньжунь сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорын Қытайды айран, сүт, ірімшік сынды сүт өнімдерімен толық қамтамасыз етіп отыр.