Алаяқтардың әрекетін шектейтін бірқатар норма ұсынылды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Елімізде сим-карталарды сатып алу кезінде биометриялық сәйкестендіру жүйесі енгізіліп жатыр, деп жазады inform.kz.
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты.
— Жаңа сим-карталарды сатып алу кезінде биометриялық сәйкестендіру енгізіліп жатыр. Сим-карталарды үшінші тұлғаларға заңсыз беру және simbox-тарды заңсыз пайдалану жағдайларына қатысты жауапкершілік күшейтілуде, — деді министр Үкімет басшысының сауалына жауап бере отырып.
Спикер сондай-ақ алаяқтыққа қатысты заң нормаларының да күшейтіліп жатқанын атап өтті.
— Жеке деректерді қорғау талаптарын бұзғаны үшін заңнамалық талаптар күшейтілуде. Алаяқтардың әрекетін шектейтін бірқатар норма ұсынылды. Ол Парламент депутаттарының қарауында. Осы бағытта жұмыстар жалғасын табады, — деді ол.