СІМ Лондондағы Қазақстан елшілігінің қыруар қарызы туралы айтты

0
364

Бұған дейін Лондон мэриясына қарасты Transport for London компаниясы 20 жыл бойы ақылы жолдармен жүргені үшін ақша төлемеген қарыз елшіліктердің тізімін жариялаған болатын.


СІМ Лондондағы Қазақстан елшілігінің қыруар қарызы туралы айтты

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Лондонда ақылы жолдармен жүргені үшін ақша төлемеген елшіліктердің тізіміне неге Қазақстан енгеніне жауап берді, деп жазады tengrinews.kz.

"Transport for London" дерегінше, ұлыбританиялық БАҚ-та шетелдік елшілік қызметкерлері Лондонның орталығына көлікпен кіргені үшін ақы төлемегені туралы ақпарат жарияланған. Деректер 2003-2023 жылдар аралығындағы қаражатқа қатысты.

2003 жылдан бастап Ұлыбритания астанасының орталығына (көлікпен - еск.) кіру үшін төлем енгізілген. Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің ғимараты Лондонның орталығында орналасқан. Онда жүргізушілер жұмыс күндері сағат 7:00-ден 18:00-ге дейін, ал демалыс әрі мереке күндері сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін кіру үшін 15 фунт (8537,40 теңге, 1 теңге - 569,16 теңге) төлеуі керек. Яғни елшілік қызметкерлері өз аумағына баруына ақы төлейді.

Лондондағы шетелдік дипломатиялық корпустың - сол аумақтағы елшіліктердің жалпы пікірі бойынша бұл төлем жергілікті салық ретінде саналады. 1961 жылғы дипломатиялық қарым-қатынас туралы Вена конвенциясына сәйкес дипломаттар жергілікті салықтан босатылған", - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондықтан бұл қаржы жол ережесін бұзғаны үшін төленетін айыппұлға жатпайды.

Ресми өкіл Қазақстан тарапы мәселені қалай шешетінін түсіндірді.

"Басқа да елшіліктер оны төлейміз деп шешсе, онда біз де осы жағын қарастырамыз. Жалпы осы конвенцияға сәйкес, дипломаттар салық төлемеуі керек. Бұл өз кезегінде айыппұл емес, салық ретінде қарастырылған. Осы ретте Қазақстан ғана емес, бірқатар елдің елшілігі сол аумақта орналасқан. Басқа да елшіліктер бұл алымның заңсыз екенін айтты", - деді ол.

Бұған дейін Лондон мэриясына қарасты Transport for London компаниясы 20 жыл бойы ақылы жолдармен жүргені үшін ақша төлемеген қарыз елшіліктердің тізімін жариялаған болатын. Елшіліктердің жалпы қарызы - 145 миллион фунт.

Тізімнің басында АҚШ бар: 14,6 миллион фунт. Одан кейін тізімде Жапония тұр, 10 миллион фунт, Үндістан, 8,5 миллион фунт, Нигерия, 8,4 миллион фунт, Қытай, 7,9 миллион фунт, Ресей, 6 миллион фунт. Қазақстанның қарызы - 4,7 миллион фунт (шамамен 5,9 миллион доллар).