СІМ Сербияда қазақстандық әйел қаза тапқанын растады

0
151

Марқұмның әкесі қызының Белградта тұрғын үйдің алтыншы қабатынан құлап мерт болғанын хабарлады.


СІМ Сербияда қазақстандық әйел қаза тапқанын растады

Фото:depositphotos.com/ suburbanium

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігі Сербияда Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Марқұмның әкесі Threads желісінде жазба жариялап, онда қызының Белградта тұрғын үйдің алтыншы қабатынан құлап мерт болғанын хабарлады.

Ведомствоның баспасөз қызметінің ақпаратынша, Қазақстанның Сербиядағы елшілігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"Сыртқы істер министрлігі Сербияда қаза тапқан отандасымыздың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста болып, оларға жан-жақты консулдық-құқықтық қолдау көрсетіп жатыр. Мәселе ҚР СІМ бақылауында.